Түркістан облысында қыстыгүні қарбыз саудасы қызып тұр. Сарыағаш ауданына бара жатқан күре жолдың бойында өткен-кеткен жолаушының көбі арнайы тоқтап, жаздың дәмін алып кететін сауда орны бар. Қысқа дейін бұзылмай, балғын күйінде сақталған көкеністерді әріптесім Шұғыла Ғалиқызы көріп келді.