Ауыл шаруашылығы техникалары жаңарады

7
16.01.2026 17:21

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласына арналған 28 мыңға жуық техника бар. Алайда, оның 40%-ы ескірген. Сондықтан қазір техникаларды құрастыру мен жаңарту мәселесі өзекті. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеров «Eurasia Group AG» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында айтты. Қабылдауда аймақтағы ауыл шаруашылығы техникаларына сервистік қызмет көрсету жайы талқыланды.