Көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

6
16.01.2026 17:20

Түркістан облысында газдан улану мен өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары күшейтілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және газ инспекциясының мамандары қатысты. Тексеру барысында пәтерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, электр және газ жүйелерінің дұрыс пайдаланылуы жан-жақты қаралды. Пәтер иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.