Түркістан
EN

Маңғыстау облысында 50 адам мінген автобус апатқа ұшырады

2
16.01.2026

 Маңғыстау облысында ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылды. Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апатынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылған. Ал қалғандары амбулаториялық емге жіберілген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол көлік оқиғасы 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында болған. Жол учаскесі техникалық талаптарға сай, жол жамылғысында ақау анықталмаған. Қазіргі таңда апаттың нақты себептері анықталып жатыр.