Каратэ федерациясына жаңа президент сайланды

12
15.01.2026 16:39

Түркістан облысының каратэ федерациясында кезектен тыс жиын өтіп, жаңа президент сайланды. Бұған дейін федерацияны басқарған Боранбай Төлеевтің еңбегі жоғары бағаланып, ұжым алғыс білдірді. Енді федерацияны  Нұрсұлтан Жалишов басқарады.  Қазіргі таңда ол “Freedom” АҚ-ның “TransTelecom” Оңтүстік аумақтық өкілдігінде қызмет атқарады. Жаңа басшылықтың бастамасымен өңірде каратэ спортын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, каратэ үйірмелерін көбейту және жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау жоспарлануда.