Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етудің басты тетіктерінің бірі. Осы мақсатта «Құқықтық көмек» жобасы аясында халыққа тегін заңгерлік кеңес беру шарасы өтті. Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, жер, тұрғын үй және еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша кәсіби заңгерлерден нақты кеңес алды.