Жастар арасында заңға деген құрметті нығайту үшін өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Төлеби ауданында өткен кездесуде имамдар мен белгілі тұлғалар қатысып, жасөспірдер арасындағы суицидті болдырмау, салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен айтылды. Сондай-ақ, білім беру саласына үлес қосқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.