13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

8
14.01.2026 17:49

Күн  райы әдеттегіден жылы болып көрінгенімен, қыс қаһары әлі қайтқан жоқ.  Қазгидрометтің болжамынша осы аптада боран соғып, көктайғақ пен тұман болады. Еліміздің 13 өңірінде дауылға байланысты ескерту жарияланды. Оның ішінде Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарын тұман түсіп, асуларда жел екпіні күшейеді. Мамандар тұрғындарды ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолға шығарда абай болуға шақырады. Тіпті, аса маңызды болмаса сапардан бас тартуға кеңес береді.