Түркістан
EN

Атышулы блогерге ресми түрде халықаралық іздеу жарияланды

91
14.01.2026

Атышулы блогер Қамза Қайсарға ресми түрде халықаралық іздеу жарияланды. Сот шешімімен 182 мың АҚШ долларынан астам криптоактивке тыйым салынды. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, 1995 жылы туған блогер соңғы бес жыл бойы Instagram желісіндегі парақшасы мен Telegram-дағы жабық арнасы арқылы құмар ойын платформасын белсенді түрде жарнамалаған. Ол «Pinco» интернет-казиносына тіркелуге арналған тікелей сілтемелерді, бейнематериалдар мен графикалық үндеулерді тұрақты түрде жариялап отырған. Сондай-ақ әр жазбада пайдаланушыларға арналған жеке промокод көрсетіліп, сол арқылы азаматтар құмар ойындарға тартылған. Осы әрекеттері үшін блогер ойын платформасынан сыйақы, бонустар мен пайыздық табыс алып отырған. Заңсыз кірістерді жасыру мақсатында криптоәмиян пайдаланылғаны анықталды.