Түркістан мен Отырар ауданын жалғайтын жалғыз жолдың тоз-тозы шығып жатыр. Рухани астанаға ат басын бұратын туристер іргедегі Арыстанбабқа барып тілек тілейтіні белгілі. Ал киелі шаһарға жеткізетін ойдым-ойдым жолдың азабын тартқандар ендігіде ол бағытқа беттемейтіні анық. Қала берді облыс орталығына күнделікті қатынап жұмыс істейтін азаматтар да жетерлік. Енді мұнда 4 жолақты жол салынады. Жоба ауқымды болған соң оны 4 учаскеге бөліпті. Оған қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Алғашқы екі кезең, аудан орталығы Шәуілдірдегі айналма жолдан бастап, Арыстан баб кесенесі бойынан өтеді. 35 шақырым жол құрылысы биыл басталмақ. Сондай-ақ, ортада темір жол өткел салынады. Қалған 2 учаскенің құжаттары дайын. Егер жоба жүзеге асса Шардара, Мақтарал,Арыстан баб, облыс орталығына келетін ағайын "тақтайдай тегіс жолмен жүретін күнде алыс емес" - дейді мамандар