Түркістан
EN

Облыс әкімі Түркістандағы жылу орталығының жұмысын тексерді

135
14.01.2026

Түркістан қаласының биылғы жылыту маусымы қатаң бақылауда. Қазіргі таңда облыс орталығындағы 12 мыңнан астам тұтынушыға жылу тұрақты жеткізіліп отыр. Оның ішінде 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік ұйым, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке тұрғын үй бар. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында болып, жылыту маусымының өту барысымен танысты. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2010 жылы құрылған. Кәсіпорын 158 нысанға қызмет көрсетеді. Бүгінде қазандықтар үздіксіз жұмыс істеп тұр.