Түркістанда спорт саласының үздіктері марапатталды. Олардың қатарына биыл 25 спортшы еді. Сондай-ақ жақсы нәтижеге жетуге үлес қосқан жаттықтырушы, спорт мекемелерінің мамандарына да құрмет көрсетілді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 100 мемлекеттік, 179 жекеменшік спорт ұйымы жұмыс істейді. Онда 90 мыңға жуық жас спорттың 63 түрімен шұғылдануда. Биыл 766 түркістандық спортшы ұлттық құрама сапына енді. Өткен жылға қарағанда ел намысын қорғайтын жерлестеріміздің саны тағы 150-ге көбейіп отыр. Тарих қойнауына жылысатып бара жатқан жылда түркістандық спортшылары түрлі халықаралық және ел ішіндегі жарыстарда 1600-ден аса медаль жеңіп алған. Әсіресе, дзюдо, бокс, күрес, каратэ, байдарка мен каноэ, садақ атудан тарихи нәтижелер тіркелді. Үздіктердің бірі – жасөспірімдер арасында дзюдодан тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ернұр Батырғали.