Білім беру жүйесіндегі мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президенттің бастамасымен «Келешек мектептері» жобасы аясында республика бойынша 217 білім беру ұйымы салынуда. Соның ішінде 23 мың оқушыға арналған 29 мектеп Түркістан облысында бой көтерді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Бәйдібек ауданында да «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.