Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинап, агроөнеркәсіп өнімдері 70 елге экспортталады. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі Руслан Желдібай мәлімдеді. Жалпы мемлекет басшысы ағымдағы жылы елдегі мал және ауылшаруашылығына жіті назар аударған еді. Осы бойынша аграрлық салаға құйылған инвестиция 20 пайызға ұлғайып, 790 миллиард теңгеге жетті. Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі 37,3 пайызға артты. Сондай-ақ, қажетті техникалардың 90 пайызын отандық өндіріс қамтыды.