Түркістанда наурыз тойы жалғасуда. Бұл жолы “Congress Hall” көпсалалы кешенінің ұжымы Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтті. Мерекеге орай киіз үй тігіп, балуандар боз кілем үстінде күш сынасты. Сондай-ақ көне дәстүрлерді еске алу мақсатында қолөнер бұйымдары, тұрмыс заттары, қазақтың жеті қазынасы мен бес қаруы көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық киімдердің көрсетілімі- жиналғандардың көңіліне шықты. Қонақтар ақ дастарханнан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді.