Экономикалық саясат жөнінде жиын өтті

14
26.12.2025 17:15

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында инфляцияны төмендету, халық табысын арттыру, нақты секторды қолдау және жұмыс орындарын көбейту мәселелері қозғалды. Ел экономикасы биыл 11 айда 6,4% өсім көрсеткен. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2026–2028 жылдарға арналған жаңа бағдарлама аясында жұмыс істеп жатыр. Басты міндет — экономикалық тұрақтылықты сақтау және халықтың әл-ауқатын арттыру. Премьер-министр инфляцияны төмендету негізгі міндет екенін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық жағдайды тұрақты бақылау және тәуекелдердің алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.