Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде 2025 жылды қорытындылау масақтында педагогикалық кеңес өтті. Биыл өңір спортшылары жыл қорытындысы бойынша республикалық және халықаралық жарыстарда 400-ге жуық медаль еншілеген. Спортшылардың шеберлігінің арқасында өткен жылмен салыстырғанда 106 жүлдені артығымен иеленді. Жиын барысында спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталып, салаға қатысты алдағы жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, жоғары спорттық жетістіктерді одан әрі арттыру, халықаралық ареналарда өңір мен ел абыройын асқақтату бағытындағы атқарылуы тиіс шаралар айқындалды.