Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери авиациялық базаларында әуе кемелері бір мезгілде көкке көтерілді. Ауқымды оқу-жаттығуға әскери-көліктік және жойғыш ұшақтар, сондай-ақ тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты қатысты. Жаттығу Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шара басында жеке құрам батыр рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, жауынгердің өмір жолы мен ерлігі жайлы естеліктер айтты.