Астанада әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 170 пәтерді заңсыз иемдену әрекеті әшкереленді. Жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын жылжымайтын мүлікті заңсыз рәсімдеу дерегі бойынша тергеу бастады. Тергеу мәліметінше, бұрын «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқарған А.Байжұманов салымшылардың қаржысын жымқырып қана қоймай, 8 жыл жазасын өтеп шыққаннан кейін жалған құжаттар арқылы пәтерлерді өтіп кеткен мерзіммен заңдастыруға тырысқан. Заңсыз әрекеттердің құрбандары көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған.