Атырау-Астрахань тас жолында жол апаты болды. Кешкі сағат жетілер шамасында жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard авктокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Hilux жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, жол апатының нақты себептері мен кінәлі тарап анықталуда. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын ұстануға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.