Бас шыршаны қағып кеткен жүргізуші жауапкершілікке тартылды

11
24.12.2025 18:31

Сарыағашта орталық алаңға орнатылған жаңажылдық бас шыршаны автокөлігімен әдейі қағып, құлатып кеткен жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға түнгі сағат үштер шамасында болған. Белгісіз көлік шыршаны қағып кеткен соң оқиға орнынан ізін суытқан. Бейнебақылау камералары арқылы жүргізушінің деректері анықталып, оның ВАЗ-2105 автокөлігін басқарған жас жүргізуші екені белгілі болды. Ол шыршаны айналып өтпек болып, рөлге ие бола алмай соқтығысқан. Жүргізуші зақымдалған шыршаны қалпына келтіріп, заң бұзушылықты мойындады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, автокөлік айыптұрағына қойылды.