Адам ағзасын саудалаған күдікті Польшадан экстрадицияланды

13
24.12.2025 18:28

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі адам ағзаларын заңсыз сатты деген күдікпен Украина азаматын Польшадан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеу дерегінше, күдікті 2017–2018 жылдары трансұлттық қылмыстық топ құрамында болған. Қылмыстық топ Қазақстанда және өзге елдерде адам ағзаларын саудалау бойынша 56 заңсыз мәміле жасаған. Олар адам ағзаларын сатып алып, трансплантациялауды ұйымдастырған. Күдікті Польша шекарасында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленді. Заң бойынша  күдікті 8 жылдан 12 дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.