Түркістан
EN

Қазақстанда алғаш рет крематорий іске қосылмақ

123
01.04.2022

Қазақстандағы алғашқы крематорий мамыр айында іске қосылуы мүмкін. Нысан Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан. 2021 жылдың желтоқсанында құрылысы аяқталыпты. Оған мемлекеттік бюджеттен 1 жарым миллиард теңге бөлінген. Алматы әкімшілігі бүгінде жұмыс істеу тәртібі мен қайтыс болғандарды кремацияға қабылдау ережелері әзірленіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісі тартылып жатыр.