Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды

13
24.12.2025 18:27

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселесі кеңінен талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды. Сонымен қатар комиссия мүшелері автомобиль жолдарының сапасы мен құрылысына бақылауды күшейту мәселесін көтерді. Жол салу және жөндеу жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету, қаржының тиімді жұмсалуын бақылау қажеттігі айтылды.