Бүгін мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың есебі тыңдалды. Ауқымды жұмыс аудиторлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұлттық даму институттары мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген. Айта кетейік, кеше Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекітті. Бағдарлама шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен, ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда ауқымды дамытуға бағытталған. Құжат аясында екінші деңгейдегі банктер кредитінің жалпы сомасы жылына шамамен 400 млрд теңге. Ендігі жылға арналған субсидиялауға жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңге болмақ. Бұл ретте бірінші жылы 5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілмек. Бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.