Ұлттық ұлан сапында төрт егіз жұп әскери борышын өтеп жүр

16
23.12.2025 17:37

Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы әскери бөлімшесінде  егіз боп туған 4 сарбаз отан алдындағы борышын өтеп жүр. Айта кетерлігі, Ұлттық ұланда мұндай ерекше дерек биыл екінші рет тіркеліп отыр. Ал, әскерге шақыру кезінде сарбаздардың егіз екені анықталған сәтте оларды ажыратпай, қатар қызмет етуіне жағдай жасалады. Солардың ішінде Алматы облысының тумалары Диас пен Ілияс Төлепбергендер бар. Олардың бірі «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында жоғары оқу орынында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып үлгерген.