Түркістанда бас шыршаның шамы жағылды

26
23.12.2025 17:36

 Түркістанда бас шыршаның шамы жағылды. Жаңа жыл қарсаңында орталық алаңда «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» атты салтанатты кеш өтіп тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараға облыс әкімі қатысып, жұртшылықты табалдырықтан аттағалы тұрған 2026 жылмен құттықтады. Аймақ басшысы өткен жылдың Түркістан үшін табысты болғанын айтып, өңірге ерекше мәртебе берілгенін атап өтті. Мерекелік кеш барысында Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері өнер көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады. Шырша жағу рәсімі отшашуға ұласып, кеште танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Айта кетейік, Түркістан облысында биыл жаңа жылдық безендірулерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.