Түркістан
EN

54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

64
23.12.2025

 Елімізде жыл қорытындысы бойынша 54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Төлемдердің жалпы сомасы 30 миллиард теңгеден асты. Бағдарлама аясында табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем беріледі. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі90 мыңнан астам  балаға 3,7 миллиард теңге көлемінде қосымша төлем тағайындалған.Ал келер жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, мұндағы мақсат-табысы төмен отбасыларды ақшалай қолдау және еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тарту.