Биыл Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 мыңнан аса тазалық іс-шарасы өтті. Жыл басынан бері ұйымдастырылған сенбіліктерге 1 миллионнан астам тұрғын қатысқан. Нәтижесінде миллиондаған ағаш көшеті отырғызылып, 16 мың тонна қоқыс шығарылыпты. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды. Жауаптылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізілетін жұмыстар әлі де тұрақты бақылауда,-дейді.