2026 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжат тегін беріледі

13
22.12.2025 16:50

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлік алу кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады. Яғни құжатты бірінші рет алғанда және қолданыс мерзімі біткеннен кейін жаңарту толығымен тегін болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баж салығы 786 теңге мөлшерінде белгіленген болатын. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжатты дайындаудың стандартты мерзімі 15 жұмыс күніне дейін созылады. Дегенмен, қосымша ақы төлеу арқылы құжатты жеделдетілген түрде рәсімдеу мүмкіндігі сақталады. Сондай-ақ, егер азамат бір жыл ішінде құжатын екі реттен көп жоғалтса, баж салығының көлемі 1 айлық есептік көрсеткішке дейін артатынын ескеру қажет. Тағы бір өзгеріс, келесі жылдан бастап жеке куәлікті онлайн ауыстыруға да болады. Қазір бұл қызмет түрі әзірленіп жатыр.