Түркістан
EN

Профилактикалық тексеру мен диспансерлік бақылау тәсілдері түбегейлі қайта қаралады

87
22.12.2025

Қазақстанда профилактикалық тексеру мен диспансерлік бақылау тәсілдері түбегейлі қайта қаралады. Бұл туралы Алматыда өткен әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды. Мәселенің өзектілігі сонша – елімізде 4 миллионнан астам адам кейінгі екі жылда бірде-бір рет дәрігерге көрінбеген. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, мегаполисте жағдай мәз емес. Қалада мыңнан астам маман оның ішінде 400-ден астамы дәрігер қажет. МӘМС бойынша алматылықтардың 80,3%-ы ғана сақтандырылған. 460 мыңнан астам адам жүйеден тыс қалып қойған немесе жарнаны тұрақсыз төлейді. Вице-премьер медициналық мекемелердегі есептіліктің бұрмалануына қатысты қатаң ескерту жасады. Енді әрбір емхана мен аурухана бойынша детальды сараптама дайындалады.