Мақтаарал ауданында заманауи мектеп ел игілігіне берілді

12
22.12.2025 16:44

Түркістан облысында 1500 оқушының білім алуына лайықталған заманауи мектеп ел игілігіне берілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында «Келешек мектептері» жобасын қолға алуды тапсырған болатын. Түркістан облысында осы жоба арқылы 29 мектептің құрылысы жүргізілді.