Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

18
19.12.2025 17:59

Жаңа жыл мерекесі қарсыңда елдің игілігі үшін Қазығұрт ауданында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Күре жолдың бойында "Нұқ пайғамбардың кемесі"  монументі бой көтеріп, Шарбұлақ ауылында спорт кешені ашылды. Аймаққа  арнайы барған облысы әкімі сондай-ақ аудан орталығындағы қайта жөндеуден өткен пәтерге қайта қоныстанған тұрғындардың  қуанышына да ортақтасты.