Жетісу облысында бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына қатысты тағы бір әрекет әшкереленді. Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген қаражаттың едәуір бөлігі іс жүзінде игерілмеген болып шықты. Тергеу дерегінше, 2020 жылы Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімі мердігер ұйыммен мәдени нысанды жаңғыртуға 753 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасаған. Алайда арада бірнеше жыл өтсе де, ғимарат әлі күнге дейін ел игілігіне берілмеген.