Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында Бауыржан Момышұлы атындағы оқу сыныбы ашылды. Айтулы шара батырдың 115 жылдығына арналды. Оқу сыныбында даңқты қолбасшының әскери мұрасы мейілінше қамтылған. Мұнда шайқастардың сызбалары, тарихи құжаттар мен тактикалық материалдар қойылған. Сыныптың ашылуымен қатар ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев арнайы қатысты. Ол батырдың өмір жолы мен ерлігі болашақ офицерлерге үлгі екенін атап өтті. Конференцияда әскери институттың оқытушылары мен курсанттары Бауыржан Момышұлының әскери шеберлігі, көшбасшылық қасиеттері мен елге сіңірген еңбегі жайлы баяндамалар жасады.