Түркістан облысында адам құқықтарын қорғау және заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Осыған орай, азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық тетігінің облыс бойынша өкілдерінің қатысуымен кезекті жиын өтті. Онда мониторингтік сапарлар мен профилактикалық іс-шаралар барысында анықталған бірқатар мәселелер талқыланды.