Түркістан
EN

Қосқорған ауылының тұрғындары шу шығарды

289
01.04.2022

Түркістан облысында Қосқорған деген елдімекен бар. Облыс орталығынан 30-ақ шақырым алшақ жатса да, өркениеттен жырақ. Ауылда адам емдейтін маман жоқ. Жолы нашар. Жедел-жәрдем келмейді. Одан қалды қоғамдық көлік жүрмейді. Мектепке бала сыймайды. Түйіні шешілмеген осындай түйткілдер тұрғындарды әбден титықтатып жіберген.