Түркістан
EN

Келес ауданында жолдағы көпір құлады

107
18.12.2025

Келес ауданында облыстық маңызы бар автожолда орналасқан көпір құлады. Оқиға Қошқарата ауылдық округі аумағындағы Абай – Ұшқын – Достық тасжолының 4-шақырымында болған. Жауаптылар, өткелдегі қауіп-қатер дер кезінде анықталып, жодағы қозғалыс алдын ала тоқтатылғанын айтады. Дегенмен, апат салдары көпір арқылы өткен «Дарбаза» су құбыры зақымдап үлгерген. Бүгінде Қошқарата ауылдық округі мен Ұшқын ауылының 137 абоненті үшін ауыз су тасымалданып жатыр. Ал,көпір арқылы өтетін көлік қозғалысы уақытша тоқталып, орталықпен барыс-келіс үшін айналма жолдар белгіленді.