Түркістан
EN

Инвестиция мен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 трлн теңгеден асты

80
18.12.2025

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында негізгі 10  жоспар бекітілген. 11 айдың қорытындысымен 7 бағыт бойынша межеленген жұмыстар толығымен орындалды. Оның ішінде су үнемдеу технологияларын ендіру, техника паркін жаңалау, минералды тыңайтқыштарды пайдалану, сүт фермасы, жұмыртқа өндіретін құс фермасын ашу жоспары 100%-ға іске асты.  Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 айда 1 трлн. 154 млрд теңгеге жетіп, өсім 101,2% болған.