Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

85
18.12.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония императорына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы күншығыс еліндегі өмір сүру тәртібі мен халықтың табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді. Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихтағы елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.