Ұшақта төтенше жағдай болды

17
17.12.2025 18:48

Бүгін таңғы сағат 7:38-де Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшағында төтенше жағдай болды. Әуе кемесінің салонында түтін шығуына байланысты апаттық сигнал басылған. Шұғыл әрекеттің арқасында  ұшақ екі минуттан кейін аман есен жерге қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелеріне ешқандай жарақат алмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.