Түркістан облысында су тапшылығының алдын алу бағытталған екі ірі нысанның құрылысы аяқталуға жақын

14
17.12.2025 18:37

Түркістан облысында су тапшылығының алдын алуға бағытталған екі ірі нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бәйдібек ауданында салынып жатқан сыйымдылығы 68 млн текше метрлік «Бәйдібек-ата» су қоймасы құрылысының 75 пайызы аяқталған.  Бұл қойма тасқын және еріген қар суын жинап, вегетация кезеңінде Бөген су қоймасына қосымша су жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Сарқырама» каналы арқылы мыңдаған гектар егістік алқап тұрақты сумен қамтылады. Ал Төлеби ауданындағы «Қарақуыс» су қоймасының құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған. Көлемі 1,2 млн текше метр болатын бұл нысан 500 гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Жаңа су қоймалары ауыл шаруашылығын дамытуға, тасқын суды тиімді басқаруға және өңірдің су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.