Қаржы пирамидасы құрықталды

14
15.12.2025 16:33

Қаржылық мониторинг агенттігі S-Group қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Аталған компания өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, талай адамды алдап соққан. Салымшыларға айына 15%-20%, ал, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етіпті. Сондай-ақ, олар тұрғындардың сеніміне кіру үшін қатысушыларды арнайы сайттың жеке кабинетіне тіркеген. Ал, онда виртуалды депозиттер, «табыстың өсімі» және есептелген қаражат көрсетіледі. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды. Жалпы келтірілген залал 136 млн теңгеден асады.