Астанада 41 жастағы жұмысшы 7 қабаттан құлап мерт болды

14
15.12.2025 16:31

41 жастағы жұмысшы 7-қабаттан құлап көз жұмды. Оқиға Астанадағы көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Жұмысшы үйдің сыртын жөндеп жатқанда, көтергіштің сым арқаны үзіліп кеткен. Салдарынан ер адам биіктен құлап, оқиға орнында мерт болды. Қазір полиция қауіпсіздік талаптарының сақталмауына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.