Түркістанда жеңіл өнеркәсіп саласын жаңа деңгейге көтеретін ірі өндірістік жобаның құрылысы басталды. Жылына 10 миллион метр джинсы матасын өндіретін зауыттың іргетасы қаланып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды. Жоба іске асса, Түркістан тек аграрлы аймақ қана емес, тоқыма өндірісінің де ірі орталығына айналмақ.