Қазақстандықтарға зейнетақы қаражатын пластикалық операцияларға жұмсауға тыйым салынды. Себебі бұрын бұл бағытта айына шамамен 16 өтініш қаралса, желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде 2 093 өтініш түскен. Бұл әдеттегі деңгейден 130 есе көп. Отбасы банк төрайымы Ләззат Ибрагимованың мәліметінше, делдалдар арқылы қаражатты заңсыз жолмен шығару жағдайлары көбейіп келеді. Сол себепті 12 желтоқсаннан бастап өтініш қабылдау тоқтатылды. Енді зейнетақы қаражатының артық мөлшерін қымбат медициналық ем алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана пайдалануға болады.