Шалғай ауыл тұрғындарына арналған «Халық заңгері» акциясы өтті

13
12.12.2025 18:53

Түркістан облысы прокурорының бастамасымен және Төлеби ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ауданның ең шалғай елді мекендерінің бірі – Қаратөбе6  Қасқасу, Тасарық және Жоғарғы Ақсу ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – таулы аймақта тұратын азаматтардың құқықтық қолжетімділігін арттыру, өзекті мәселелерін жедел қарау және құқықтық сауаттылығын күшейту. Акцияға аудан прокуроры, аудан әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар және сот орындаушылары қатысты. Тұрғындар көкейіндегі   сұрақттарға сала мамандарынан жан-жақты түсініктеме алды.