Түркістан облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті биыл төрт тергеу жүргізіп, жалпы көлемі 80 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салды. Тексеру барысында Білім басқармасы, әуежай және «KZ» ЖШС секілді бірнеше мекемеде заң талаптарының сақталмауы анықталды. Ал ең ірі құқықбұзушылық «Кентау-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тіркелді. Қызмет көрсету тарифін заңсыз көтерген ұйымның 34 миллион теңге көлемінде негізсіз кіріс тапқаны белгілі болды.