Түркістан
EN

Мұғалімдер тапшы өңірде ұстаздардың жалақысы өседі

109
31.03.2022

Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге жұмысқа барған ұстаздардың жалақысы екі есе өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Кадр жетіспеушілігі бар аймақтардың қатарында  қатарында Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстары бар. Аймағамбетовтің айтуынша, аталған проблеманың туындауына оқушылар санының өсуі себеп болып отыр. Сондай-ақ, ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов оқушылардың демалысын қысқарту туралы ұсынысқа түсініктеме берді. Айтуынша, биыл да оқушылар үшін жазғы мектептер ұйымдастырылады. Бұл балалардың білімін жетілдіріп, мұғалімдеріміздің жұмыс істеуіне қосымша мүмкіндік береді. Еске салсақ, қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылған еді.