1 млрд теңге заңсыз тартылған

17
11.12.2025 18:00

 Абай облысында  үлескерлік ісінде алаяқтық әрекеттер жасаған факті анықталды. «Dala SK Construction» және оған қатысты компаниялар екі жыл бойы рұқсатсыз тұрғын үй салып, азаматтардан заңсыз ақша алған. Тергеу нәтижесінде қылмыстық топтың 64 азаматпен жалған брондау шарттарын жасалғаны, залал көлемі 1 млрд теңгеден асқаны дәлелденді. Ал, жиналған ақша Өскемендегі басқа байланысты компанияларға аударылып, олар да рұқсатсыз құрылыс жүргізген. Қазіргі таңда, үлескерлердің шығынын өтеу үшін күдіктілердің 2 пәтерін, 10 жер учаскесін және 6 автокөлігін сатуға, өзгелерге рәсімдеуге тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды.